Түркменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхаммедов айлардың сұлтаны - Рамазанда болатын қасиетті Қадір түнінің құрметіне 1029 тұтқынға рақымшылық етпек, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, Түркменстан қоғамындағы әр отбасының берік әрі бірлікте болуын көздеген президент қасиетті айда аса мейірімділік танытып құжатқа өзі қол қойды.
Осы мақсатта ел президенті құқық қорғау органдарындары мен тиісті құзыретті орындарға рақымшылыққа ілініген жандарды жақын арада бостандыққа шығарып, кінәларын адал еңбекпен өтеу үшін, сондай-ақ елге пайдасы тиеітндей жұмысқа орналастыруларын тапсырды.
Айта кетейік, аталған елде амнистия жылына бірнеше мәрте өткізіледі. Осындай мемлекеттік және ұлттық атаулы күндердің құрметіне темір тордың ар жағындағы талай жан азаттықтың дәмін татады. Бұл елде соңғы амнистия ақпан айында, дәлірегі, Мемлекеттік байрақ күні ақпан айының 19-ы күні) құрметіне орай өткізілген еді. Бұл кезде бостандыққа 828 адам шы,арылған болатын.