Головкин: Мен Сондерсті екі рет жекпе-жекке шақырдым, бірақ ол бас тартты

/uploads/thumbnail/20170710160850908_small.jpg

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы Билли Джо Сондерстің өнеріне баға беріп, британдық боксшы оның ұсынысын екі рет қабылдамағанын айтты.

 Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды.

«Мен қазіргі уақытта Билли Джоға емес, «Канелоға» қарсы кездесуге бар назарымды аударып жүрмін. Билли көп сөйлейді. Оның бұған дейін менімен кездесетін мүмкіндігі болды. Мен онымен 4 және 10 маусым күні кездесуді ұсындым. Бірақ ол «жоқ» деді. Ал енді мен «Канеломен» келісімге келгеннен кейін оның әңгімесі көбейіп кетті. Егер жекпе-жек өткізгің келсе, мен қарсы емеспін. Менің промоутеріммен, өзіңнің промоутеріңмен сөйлес. Жекпе-жекті ұйымдастыр. Мен кездесуден қашпаймын. Менің мақсатым – орта салмақта барлық белбеулерді жеңіп алу», – деп келтіреді Головкиннің сөзін Fight Hub TV.

Айта кетейік, Головкиннің алдағы кездесудегі қарсыласы Альварес Сондерске жекпе-жек өткізу үшін алдымен салмақ тастап, арықтау керектігін айтты. Еске салайық, Сондерс өз белбеуін Головкин – Альварес бокс кешінде Давид Лемьеге қарсы кездесуде қорғайтынын айтқан болатын.
 

Шолушы: Айгерім Таубай

Оставить комментарий

Связанные Статьи