Исламистер филиппиндік мектептердің біріне шабуыл жасап оқушыларды тұтқынға алған

/uploads/thumbnail/20170710160851283_small.jpg

Террористер Филиппиннің оңтүстігіндегі мектептердің біріне шабуыл жасаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі  Reuters-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Содырлар бірнеше оқушыны тұтқынға алған. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Полицияның мәліметінше, шабуылға 300-ге жуық қарулы адамдар тобы қатысқан. Олардың ішінде Исламистер радикалды топтары да бар көрінеді.

Оқиға Миндано аралында орын алған. 2016 жылы экстремистік топтар бірігіп аралда «Ислам мемлекетін» құратындықтарын мәлімдеген.

23 мамыр күні филиппиндік Марави қаласы содырлардың шабуылы астында қалған. Исламистер қалаға қару-жарақтарын әкеліп орнығып алған. бір ай бойы жергілікті полиция террористерді қаладан шығара алмай келеді.

Шолушы: Назерке МҰСА

Оставить комментарий

Связанные Статьи