Брюссельдегі вокзалда жарылыс ұйымдастырған террорист оқиға орнында атылды

/uploads/thumbnail/20170710160852189_small.jpg

Брюссельдің әскерилері сейсенбі күні  терракт жасаған содырдың бірін атып өлтірді. Брюсселдің вокзалдарының бірінде белгісіз ер адам жарылыс ұйымдастырған. Алайда жарылыс үлкен қуатта болмағандықтан ешкім зардап шекпеген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, сағат кешкі 9-дар шамасында белгісіз Брюссельдің орталық вокзалында жарылыс ұйымдастырған. Куәгерлердің айтуы бойынша, ол радикалды исламистердің ұрандарын айқайлаған. Содан кейін «Аллах Акпар» деп айтқан.

Жарылыс кішігірім өртке ұласқан. Әскерилер оның вокзалға кіріп бара жатқанын көріп оны бақылауда ұстаған. Содырдың өзінен басқа ешкім зардап шекпеген. Елдің федералды прокурорлары әрекетті теракт ретінде бағалаған. Ал содырдың өзі алған жарақатынан ауруханаға жеткізіліп сонда көз жұмды.

Шолушы: Назерке МҰСА

Оставить комментарий

Связанные Статьи