Қытайлар оңтүстіктегі көне шаһарлар туралы деректі фильм түсірмек. Осы мақсатта CCTV Қытай мемлекеттік медиахолдингінің өкілдері Шымкентке арнайы ат басын бұрды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қонақтар Ұлы жібек жолы бойындағы Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ескі қаланың орны ерекше екенін атап өтті. Өйткені Қытайдың сыртқы сауда-саттығының негізгі діңгегі осы қала болған. Деректі филмьде Қазақстанның бүгінгі жетістігі мен келешегі тарихы қатар көрсетілетін болады. Түсірілім тобы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін Қытайдың орталық телеарнасы арқылы көрсетпек. Ұлы дала төсіндегі ықылым замандардан сыр шертетін тарихы тамырлас өлкелер қазақтың ұлттық салт дәстүрі мен қайталанбас мәдениеті соның жалғасы болмақ.
Джоун Хонг, ССТV продюсері: - Біз көптен бері Ұлы Жібек жолы бойындағы оңтүстіктің тарихи орындарын аралап көруді жоспарлап жүрген болатынбыз. ЭКСПО-ны пайдаланып осы өңірге арнайы ат басын бұрдық. Шынында да керемет екен. Елге барған соң осында көрген және түсірген дүниелерімізді жалпақ жұртпен бөлісетін боламыз. Біздің елдің саяхатшылары Қазақстан мәдениетімен тереңірек танысатын болады.
Шолушы: Айгерім Таубай
Оставить комментарий