Трамп Ресейге қарсы санкцияны неліктен күшейтті?

/uploads/thumbnail/20170710160853158_small.jpg

АҚШ Ресейге қарсы санкцияны күшейтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РБК-ға сілтеме жасап. Тізімге 38 адам мен Ресей, ДХР және ЛХР компаниялары кірді.

АҚШ Қаржы министрлігі санкция салғаннан кейін ресейлік активтер бірден арзандаған. Санкцияға ресейлік бірнеше банк кірді.

Украина президенті Петр Порошенко АҚШ президентімен кездескен уақытта қосымша санкциялар жарияланды.

Кездесу барысында Трамп пен Порошенко Донбасстағы жағдайды талқылады.

«Менің Ақ үйдегі кездесуім Путиннен бұрын болғаны өте маңызды» деді Петр Порошенко.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-пен жағдай жақсармай отыр деген болатын. Оның орынбасары Сергей Рябков Мәскеу жауап ретінде арнайы шаралар қолданып жатқанын хабарлады.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи