Саудия королі Сальман мұрагерін ауыстырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Аль-Арабия телеарнасына сілтеме жасап. Мухаммед бен Наифтің орнын корольдің 31 жастағы Мухаммед бен Сальман есімді баласы алмастырды.
Сонымен қатар, Мухаммед бен Наиф ІІМ басшысы қызметінен де кетті. Енді Абдул-Азизу бен Сауду бен Наифу елдің ішкі істер министрі болады.
Мухаммед бен Сальманның мұрагерін 43 адамның 31-і таңдады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Оставить комментарий