ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Министрліктің қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және Министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша есеп берді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Министрлік отандық БАҚ құралдарын, соның ішінде мемлекеттік телеарналарды жаңғырту шараларын жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. "Бүгінде отандық телеарна контенті шетелдік стандарттарға сай дамып жатыр"- деп атап өтті министр.
Отандық телеарналардан «Хабар 24» арнасы маңызды ақпараттарды жеткізумен айналысатынын жеткізді. Сонымен бірге, министр «Қазақстан» арнасын да маңызды ақпараттарды тарататын талдау форматындағы телеарна деп атады.
«Наурыз айында отандық сериалдарды көрсететін «Еларна» жаңа арнасы іске қосылды. Бүгінгі таңда отандық сериалдарға қызығушылық артуда»-дейді министр Д.Абаев.
«HD форматындағы телевизияны дамыту мәселелері қарастырылып жатыр. Шалғай аудандардағы цифрлық телевизия мәселелері қолға алынып жатыр. Бүгінде Республика елді-мекендері 77%-ға цифрлық телевизиямен қамтылды. Отандық спутниктік телевизия басымдық беріп отыр. Баспасөз саласында «Егемен Қазақстан» мен «Каз Правда» газеттерінің форматы түрленіп, түрлі-түске көшірілді»-деп атап өтті министр өз есебінде.
« 2020 жылға дейін ұялы байланыс пен интернетке қол жетімділік мәселелерін қолға алу жүзеге асырылуда. 1900 ауылдық мекен жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі деп күтілуде».
«Азаматтарға арналған үкімет қызметінің қолжетімділігі туралы мәселеге байланысты, шалғай аудандарда 70 мобильді қызмет казпочтамен бірлескен жобаларын іске асыруда»-деді министр.
Дәурен Абаев өз есебінде қазіргі таңдағы БАҚ-тағы үлкен проблема -сенсациялық жаңалықтардың порталдар мен электронды ресурстарда көптеп көрініс табуы екендігін айтты. Электронды БАҚ өз рейтингісін жоғары ұстау үшін қайғылы жағдайға ұшыраған, зардап шеккен, зорлыққа душар болған адамдар, балалар туралы жеке ақпараттарды жариялайды. Осы орайда ешқандай моральдік құндылықтар ұмытылатынын атап өтті.
Сонымен бірге, қазіргі интернеттегі ақпаратты сұрыптау мен іріктеу мәселелерін де министр өз сөзінде айтып кетті. Балаларды бұрыс жаңалықтардан, психологиясына әсер ететін ақпараттардан, зиянды сайттар мен ресурстардан қорғау жүзеге асырылуы тиіс екендігін жеткізді.
Қазақстанның әртүрлі облыстарындағы баспасөз өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарды Д.Абаев мұқият тыңдап толық жауап берді. Журналистерге баспана мәселесінің берілуі туралы сұраққа бүгінгі таңда журналистердің көпшілігі жеке меншік ұйымдарда қызмет ететінін, осы орайда олар өз-өздерін қамтамасыз ете алатындай дәрежеде екендігін айтты. Осыған қарамастан баспана мәселесі қарастыралатынын жеткізді.
Министрлік тарапынан БАҚ реформаларына, БАҚ туралы заңға өзгерістер келесі жылдан бастап енгізілетінін, онда журналистері қорғау, олардың құқықтары мен деректі алудың жолдары қарастырылып қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Шолушы: Назерке МҰСА
Оставить комментарий