Ресей мен Португалия арасындағы конфедерация кубогы матчы кезінде стадионға келген жанкүйер қыздың бірі Криштиану Роналдудан өзін әйелдікке алуын сұрады. Ол өзінің ұсынысын үлкен қағазға жазып келіпті.
Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ал плакатта “Роналду, үйленейікші” деп жазылған.
Айта кетсек, Бұл матчта Роналдудың соққан голы португалиялықтарға жеңіс әкелді.
Еске салайық, 32 жастағы футболшының суррогат анадан туған 6 жастағы ұлы бар. Қазіргі кезде Роналдудың өзі 22 жастағы испан моделі Джорджина Родригеспен кездесіп жүр.
Шолушы: Айгерім Таубай