Ешқашан жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Генадий Головкин (37-0, 33 КО) MAXIM журналына берген сұхбатында өзінің отбасы, сүйікті жары, бокстан да басқа қызығушылық танытантын спорты мен алдағы уақытта мексикалық боксшы Саул "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жектен кейінгі жоспарлары туралы бөлісті. Қамшы ақпараттық агенттігі аталмыш сұхбатты MAXIM журналына сілтеме жасай отырып назарларыңызға ұсынады.
Осы уақытқа дейін өткізген жек-жектеріңіздің ішінде сіз үшін қайсысы қызықты болды?
- Вау! Қызық сұрақ екен. Мен үшін барлық жекпе-жек маңызды әрі қиын болды. Әрбір кездесуден үйренерім көп. Солардың ішінде мықты қарсылас ретінде Мэттью Мэклин, Марко Антонио Рубиоларды атай аламын. Сондай-ақ өзімнің соңғы жекпе-жегім ерекше ұнады. Мен мұны бокстың фанаты ретінде айтып отырмын.
- Кәсіпқой бокс алаңындағы ең мықты жекпе-жекті атасаңыз?
- Хулио Сезар Чавес пен Мелдрика Тейлордың кезесуі және Мики Уорд пен Артур Гаттидің жекпе-жегін атай аламын.
- Кәсіпқой бокс тарихында кіл мықтылармен кездесу мүмкіндігіне ие болсаңыз кімдерді таңдар едіңіз?
- Бұл өте қиын сұрақ екен. Бәлкім, Шугар Рэй Робинсон, Томми Хирнс, Мэнни Пакьяо немесе Флойд Мейвезер. Ал, Майк Тайсонға тісім батпайтын шығар (күліп). Егер жоғарыда атаған боксшылардың бірін таңдау мүмкіндігі болса менің назарым Шугар Рэйге түсер еді. Себебі, оның техникасы, көз ілеспес жылдамдығы өзін биіктетіп тұрады.
- Бокс алаңынан тыс қашан төбелескеніңіз есіңізде ме?
- Нағыз төбелес пе әлде жай ғана соққы ма? Мен өте тәртіпті баламын. Бәлкім соңғы рет әйеліммен төбелескен шығармын. Ол жеңіске жетті (күліп). Ал, енді шындығына келер болсақ есейген шағымда дерлік күнде төбелес болатын. Қазақстандағы өмірім жеңіл болмады.
- Кім мықты? Қазақстандықтар ма әлде мексикалықтар ма?
- Оның ара-жігін ажырату өте қиын, қарапайым адамдар ретінде біз бір-бірімізге қатты ұқсаймыз. Екі елдің боксшылары да осал емес. Қиын сұрақ!
- Сіздің арманыңыздағы кездесу және оны қалай өткізер едіңіз?
- Сіз мені ажалымнан бұрын өлтірейін дедіңіз бе? Мен өте ақылды жігітпін. Мен өзімнің өмірімді және сүйікті жарымды жақсы көремін. Біздің үйде бастық – менің әйелім. Сондықтан оның қалағаны болады.
- Гонарарыңызды қандай қызықты нәрсеге жұмсар едіңіз?
- Егер сіздің қолыңызда қаржыңыз жеткілкті болып, қайырымдылық жасауға мүмкіндігіңіз болса жарияға жар салмастан жай ғана шын көңілмен іске кіріскен жөн. Ал маған келер болсақ, көп нәрсені қалаушы едім. Себебі, менің өмірім өте қарапайым.
- Бокстан өзге қандай қызығушылығыңыз бар?
- Мен жұмыстан бос уақытымды отбасыма, балаларыма арнаймын. Бірге кино көріп, парктерде серуендеуді ұнатамын. Әрине түрлі спорт түрлерін, футбол, хоккей, теннистерді де тамашалауға барамыз. Тіпті керлинг спортын да бақылап отырамыз. Келесі жылы Олимпиядада осы спорт түрінен бақ сынасам ба деп ойлап отырмын (күліп).
- Егер боксқа келмесеңіз кім болушы едіңіз?
- Мен бүкіл өмірімді боксқа арнадым. Егер тағдыр маңдайыма боксер болуды жазбағанда, техникалық университетке түсуші ме едім.
- Мейвезер мен Конор МакГрегордың жекпе-жегі жайлы не айта аласыз?
- Менің «Конеломен» өткізетін кездесуім нағыз профессинолды жекпе-жек. Ал Мейвезер мен МакГрегордың кездесуі – шоу. Флойд - боксшы, ал МакГрегор – жоқ. Маған классикалық бокс ұнайды, мынадай шоу емес.
- «Конеломен» кездесуден кейін не істейсіз?
- Ол туралы ойлағым да айтқым да келмейді. Себебі, мен өзімді 100 пайыз кезекті жекпе-жекке дайындаудамын. Бәлкім, арманым болған керлингке баратын шығармын.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альваростың жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтеді. Бұл кездесуде қазақстандық кәсіпқой боксшы орта салмақтағы әлем чемтионының WBA (Super), IBF и IBO титулдарын қоғайды.
Дайындаған: Ақерке Маратқызы