Ресейдің ДАИШ террористік ұйымының нысанына жасаған әуе соққыларының видеосы жарияланды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710161244684_small.JPG

Ресейдің «Адмирал Эссен», «Адмирал Григорович» әскери кемелері, «Краснодар» қайығы «Калибр» зымыранымен Сириядағы ДАИШ террористік ұйымының нысанына әуе соққыларын жасады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлайды.

Әуе соққылары Жерорта теңізінің шығыс бөлігінен орындалған. «Кеме «Калибр» зымыранының 6 әуе соққысын Сириядағы ДАИШ ұйымының нысандарына жіберді» делінген министрлік ведомствосында.

Ресей Қорғаныс министрлігінде хабарланғандай әуе соққысы салдарынан басқару пункті мен қару-жара сақталған ірі қойма және ДАИШ жауынгерлерінің оқ-дәрілері жарылды.  

Шолушы: Гүлім Жақан

Связанные Статьи