Ата-ана 22 маусымда Павлодардағы №38 балабақшадан баласын алып кетпек болғанда, тәрбиеші О.А.Коновалованың балаларды басынан ұрғанын көрген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
О.А.Коновалова есімді тәрбиеші орта топқа сабақ беріп жатқанда балалардың басынан ұрғанын көріп, тәрбиешінің бұл әрекетін камераға түсіріп алған. Оны ғаламторға жариялады.
Балабақша басшылығына видеоны көрсеткенде директордың еңбек демалысына кеткенін, ал Коновалова 3.07 дейін жұмыс істеп, демалысқа кететінін, одан кейін оның жұмыстан кетуі немесе кетпеуі шешіледі деп жауап берген.
Ата-аналар аталған тәрбиеші еңбек демалысынан кейін жұмысын жалғастырама деп алаңдап отыр.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет