Колумияның солтүстік-шығысында 150-ден астам туристтері бар кеме борты суға батып кетті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ВВС мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Жиырмадан астам адам жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінсе, осынша адам іс-түссіз жоғалған. Қазіргі таңда арнайы мамандардар толықтай жұмылдырылып, іздестіру шаралары жүргізілуде.
Оқиға туристтер қаласына айналған Гуатап қаласының Пеньоль су қоймасында орын алған.
Жедел ідестіру қызметінің бастығы Луис Бернардо Моралестың айтуы бойынша суға батқан адамдардың арасында жедел көмек келгенше шыдыс бере алмай, суға ағып кеткен көрінеді.
«Кеме апатының салдары техникалық ақаулықтан болуы мүмкін», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Алайда, толық тексерістен өтпейінше нақты ештеңе айта алмайтындығын атап өтті.
Қазіргі таңда, жедел іздестіру шаралары өткізіліп, туристтерді қауіпсіз жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Шолушы: Ақерке Маратқызы
Оставить комментарий