Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Ақорда мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Мемлекет басшысы биылғы 24 маусымда Сычуань провинциясындағы лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.
Шолушы: Айгерім Таубай
Оставить комментарий