Моңғолия тарихындағы бесінші президент сайлауы басталды.
Бүгін, яғни 26 маусымда Моңғолияда президент сайлауына дауыс беру басталды. Бұған дейін екі мәрте мемлекет басшысы болған Цахиагийн Элбэгдорж бұл жолғы сайлауға қатыса алмайды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Перезиденттікке үміткер үш азамат Моңғолиядағы негізгі үш партиядан ұсынылып отыр. Билік партиясы болып келген «Демократиялық партиядан» - Баттулга Халтмаа ұсынылса, «Моңғолия Халық партиясынан» Энхболд Миеэгомб және «Моңғол халық революциялық партиясынан» Сайнхүү Ганбаатар үміткер ретінде тіркелді. Жергілікті саяси сарапшылардың болжамы бойынша «Демократиялық партияның» өкілі Х.Баттулганың мүмкіндігі жоғары.
Ұлан-батыр қаласының уақыты бойынша таңғы сағат 07:00-де басталған (Астана уақытымен таңғы 05:00) сайлау Моңғолия көлемінде 1983 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.
Оставить комментарий