Алматыда 12 қабатты үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт Самал-1 шағын ауданындағы №23 үйдің 6 қабатында тұтанған. Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеуде. Көп қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Оқиға куәгерлері жалынның жоғарғы қабатты шарпи бастағанын айтуда.
Оставить комментарий