Түркия басшысы өзінің денсаулығына байланысты мәлімдеде жасады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Regnum жаңалықтарына сүйене отырып хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, 25 маусым күні Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған Ыстамбұл қаласының мешіттерінің бірінде талып қалған болатын.
Мемлекет басшысы Режеп Тайып Эрдоғанның Ыстамбұл мешіттерінің бірінде айт намазынан соң қан қысымының көтерілуіне байланысты жағдайы нашарлады.
Президенттің айтуы бойынша қант диабеті салдарынан қан қысымы көтерілген. Алайда, бүгін мемлекет басшысы денсаулығының жақсы екендігін мәлімдеді.
Шолушы: Ақерке Маратқызы
Оставить комментарий