ШҚО тұрғыны ішкі істер бөлімшесіндегі тергеуден кейін көз жұмған

/uploads/thumbnail/20170710161350301_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Қаратума ауылының тұрғыны Рақымберді Қыдырмолдин Аягөз қаласы Аягөз ауданының Ішкі істер бөлімшесіне тергеуге қатысқан соң көз жұмған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Объектив.kz- ке сілтеме жасап.

Бұл туралы 53 жастағы ер адамның жақындары айтып берген.

Қайғылы жағдай 18 маусымда орын алған. Марқұмның жұбайының айтуынша Рақымберді ауылдан Аягөзге қарай тағы 4 туысқанымен бірге жолға шыққан. Қарсы бетке кездейсоқ шығып кеткен оның көлігін жол полициясы тоқтатып алады. Оның автокөлігімен бірге тағы бір көлікті тоқтатады. Алайда екінші автокөлікке протокол жазып беріп тез жібере салған. Ал Рақымбердіні полицейлер көлігіне отырғызып белгісіз бағытта алып кеткен. Жарты сағаттан соң олар қайтып келген.

«Рақымберді оралған соң өзін нашар сезініп, түрі бозарып көңіл-күйі мүлдем түсіңкі болды»-дейді оның әйелі.  «Полицейлердің біреуі біздің көлікке отырып Рақымбердінің жүрегінің ауырып тұрғанына қарамастан Ішкі істер бөлімшесіне апарамыз деді. Ішкі істер бөлімінде Рақымбердіні 3 сағат бойы ұстады»-дейді оның жақындары.

Тек 3 сағат өткен соң бөлімшеге жедел жәрдем келіп жеткен. Тек сағат 14:00-де ғана бөлімше қызметкерлері оның жақындарына Рақымбердінің қаза тапқанын денесінің моргта екенін жеткізген.

Белгілі болғандай АІІБ алдына жедел жәрдем Қыдырмолдин қаза тапқан соң келген.  Марқұмның жақындары полицейлердің не себепті Рақымбердіні өз кабинеттерінде 3 сағаттан аса ұстағанын оның неден қаза тапқанын білмей қатты қынжылуда. Осыған байланысты оның жақындары полициядан марқұммен сөйлескен бейнежазбаны көруді талап етіп отыр. Алайда екінші жақ олардың талабын қанағаттандырмай отыр. Марқұмның жақындары тағы да сот медециналық сараптама жүргізілуін сұрап отыр. Рақымбердінің өліміне жауапты адамдардың жазасын өтеуін талап етуде.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Оставить комментарий

Связанные Статьи