Америкада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған саябақ ашылды

/uploads/thumbnail/20170710161353680_small.jpg

Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында маусым айының ортасынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аттаркциондар саябағы жұмыс істей бастады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

 Саябақты құрастырушылар мүгедек жандардың хауызда жүзу мен демалу орталықтарында кездесетін қиындықтарын ескеріп, мәселені шешпек болады. Саябақта көңілді су аттракциондарын кездестіруге болады, сонымен қатар мүгедек жандарға саябаққа кіру тегін.

Жоба тек қайырымдылық турасында ғана емес, эксперимент ретінде де іске асырылуда. Бұл жаңа технологияларды тексерістен өткізудің үлкен мүмкіндігі.  Сондай технологияның бірі PneuChair мүгедектер арбасы Питтсбург университетінде жасалған, ерекшелігі – ауа энергиясы арқылы қозғалады. Саябаққа келушілер өздерінің мүгедек арбаларын сыртқа қалдырып, ыңғайлы әрі қауіпсіз PneuChair арбаларына мінеді.

Арбаның салмағы 40 келі ғана, ал қозғалысы 8 сағатқа жететіндей арбаны 10 минут уақыт қана қуаттайды.

Су аттракциондары судың температурасын қалыпты сақтап тұрады. Су сүзгіден өткен, дезинфекциясы толық сақталған, ағзаның тітіркенуі сынды түрлі әсерлерден қорғалған. Кассада кезекте тұрмас үшін билетті интернет арқылы тапсырыс бере алады.

«Morgan Inspiration Island» деп аталатын саябақтың әр аттракционы мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделіп жасалған. Хауыздар мен арнайы арбалардан өзге, барлық инфрақұрылым элементтері толық зерттелген, тексерістен өткен.

Тіпті, мүгедек адамдар саябақтан шыққан соң арнайы профилактикадан өтеді.

Мұндай саябақты дүниеге әкелген иесі өзінің 23 жастағы мүгедек арбасымен жүретін қызына арнап салған екен. Әкесі қызының еркін, қысылмай көңіл көтергенін қалады, өмірді сезінсе деп ойлады.

Саябақ тексерістен ойдағыдай өтіп, бүгінде келушілерге есігі айқара ашық, әрі жаз бойы демалыссыз жұмыс жасайды. Алдағы уақытта аумағын кеңейтіп, жаңа технологияларды іске қосып, өзге де аудандарда нысандардың құрылысын бастау жоспарлануда.

Шолушы: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи