Елорда полицейлері ҚХР азаматшасына Астанадағы сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жоғалтқан қымбат зергерлік бұйымын тауып, қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елорданың ішкі істер департаментіне шетел азаматтарынан полицейлердің жедел әрекеті үшін алғыс сөздер келіп түсуде. 25 маусым күні сағат 13.00-де аумақтық ІІБ полицей-жедел уәкілі сауда-ойын сауық орталығының аумағынан ірі көлемдегі ақша сомасының чегі бар зергерлік бұйым мен сертификат тауып алған. Криминалдық полиция қызметкерлері қымбат бұйымның иесін жедел анықтаған. Ол «MEGA Silk Way» ОСО-дан қымбат металл мен тастан жасалған білезікті сатып алып, байқамай жоғалтып алған ҚХР азаматшасы болып шықты. Қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізгеннен кейін бағалы әшекейді, яғни алтын мен асыл тастан жасалған білезікті иесіне қайтарып берген. Ол полицейлерге алғысын білдірді.
Оставить комментарий