Ақтөбеде 1 жастағы бала алтыншы қабаттан құлап кетті

/uploads/thumbnail/20170710161417737_small.jpg

Ақтөбеде 1 жастағы бала 6 қабаттан құлап кетті. Анасы оны Қарғалы қалалық ауруханасына өзі апарған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттгі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қарғалы қалалық емханасынан шақырту түсіп, біз жедел жеттік. Дәрігерлер барған кезде баланың өлімін ғана тіркеді. Жарақаты ауыр болған. Емхана дәрігерлерінің айтуынша, кішкентай баланы анасы жеткізген. Бала 6 қабаттан құлап кеткен», - деді қалалық жедел жәрдем бекетінің дәрігер-сарапшысы Әлия Абдуллаева.

Айта кетейік, оқиға түс кезінде болған. Бала емханаға жеткенше көз жұмған. 

Связанные Статьи