Алматы қаласында өтетін VI Инновациялық форумға робот спикер ретінде қатысады

/uploads/thumbnail/20170710161418495_small.jpg

Алматы қаласында өтетін VI Инновациялық форум спикерінің бірі -  робот. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Ләззат Көккөзованың сөзінше форум 30 маусым күні Алматы қаласы Атакент-ЭКСПО көрме орталығында өтеді. «Форумның негізгі тақырыптары Индустрия 4.0 тұжырымдамасы, сандық экономика, инновациялық экожүйелерді құру және «Алматы – өмір сүру және бизнеске қолайлы қала» атты өткен жылы бекітілген қаланы дамыту стратегиялық тақырыбы аясында Smart City технологияларын енгізу болады. Жиын барысында қаланың өзекті мәселелерін шешу үшін инновациалық технологиялардың қолданысын жетекші халықаралық сарапшылармен бірге талқылау жоспарлануда», - деді ол. 

Форум отандық және шетелдік жобалар мен болашаққа арналған инновациялық идеялардың көрсетілімі өтетін старт-ап жобалар көрмесімен ашылады. «Аталған іс-шара барысында мәлімделген тақырыптар бойынша презентациялар мен талқылаулар өтеді, кластерлер мен технопарктерді жетілдіру мен жандандыру бойынша кейстер, сандық телекоммуникациялармен ақылды қала арқылы жүзеге асатын экономикадағы жаңа стратегиялар мен табысты тәжірибелер қарастырылады», - деді спикер.

«SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзованың мәліметінше Форум спикерлерінің бірі робот болмақ. Алайда, ұйымдастырушылар ерекше оратордың қай тақырыпты қаузайтынын ашып айтпады.  

Форум жұмысын Алматы қ. әкімі Бауыржан Байбек ашады деп күтілуде. Сондай-ақ, оған ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы, «Қазпошта» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Бағдат Мусин, «Global Visions-Silicon Valley» компаниясының құрушысы және бас атқарушы директоры және «CIO ORACLE» бұрынғы аға вице-президенті Марк Ивановски, «Future Laboratory» басқарма төрағасы, Грузияның Инновация мен технологиялар бойынша агенттігінің бұрынғы төрағасы  Ираклий Кашибадзе қатыспақ.

Онымен қоса, форумға Англия, Израиль, АҚШ, Даниядан келетін халықаралық сарапшылар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары, бизнес-қоғамдастықтың өкілеттері, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдар, стартапшылар жалпы 500-ден астам адам қатысады.

 

Связанные Статьи