АҚШ-та штат губернаторының сайты бұғатталып, ДАИШ-ты қолдайтын хабарлама түскен

/uploads/thumbnail/20170710161419810_small.png

Америкалық Огайо штатындағы биліктің сайттары хакерлік шабуылға ұшырады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Кейіннен ДАИШ экстремистік тобына қолдау білдірген хабарламалар келіп түскен.

Огайо губернаторы Джон Кейсиктің сайтында жарияланған хабарлама мазмұны мынадай: «АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылман мемлекеттеріндегі әрбір тамшы қан үшін жауап беретін болады. Мен ДАИШ-ты жақсы көремін», делінген. Хабарлама ДАИШ символикасында қолданылатын ақ және қара түспен жазылған.

БАҚ мұндай мазмұндағы хабарламалар Огайо штатындағы басқа да ресми сайттарда, Нью-Йорк штатының Брукхейвен муниципалды ауданы, Мэриленд штатының Хауард-Каунти ауданындағы мемлекеттік мекемелер сайттарына ілінгенін хабарлады.

Сондай-ақ, губернатор сайтына кіре бергенде дұға жасауға шақыратын араб тіліндегі аудио жазба қосылады.

Губернатор әкімшілігі сайттағы мәселер жайында хабар ала салысымен жағдайды түзеуге кірісіп кеткен.

Team System DZ хакерлік тобы бұған дейінгі хакерлік шабуылдардың жауапкершілігін мойнына алған.

Шолушы: Гүлім Жақан

Связанные Статьи