Қостанайда жоғалған 10 жастағы бала өлі табылды

/uploads/thumbnail/20170710161422854_small.jpg

Қостанайда екі күн бұрын жоғалып кеткен 10 жастағы Ришат Харикоғлы өлі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.  Оның мәйіті жедел-іздестіру шараларының барысында 26 маусымда сағат 19.10-да Тобыл өзенінен табылған. Ведомство мәліметінше, баланы іздестіру жұмыстарын полицейлер еріктілермен бірігіп екі тәулік бойы жүргізген. Арнайы құрылған жедел-тергеу тобы жұмыс істеді, оның құрамына облыстық ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлері кірді. 
ІІД өкілдерінің мәліметінше, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалған. Еске салайық, Ришат Харикоғлы 24 маусымда "Садовод-Строитель-КСК" саяжайында жоғалған. Мұнда ол туыстарына қонаққа келген. Ол балалармен 12.00-де ойнап жүрген екен. Содан бері оны ешкім көрмеген.
 

Связанные Статьи