WBA, WBC пен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин WorldBoxingNews.net рейтингісінде үшінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sports.kz мәліметіне сүйеніп.
Аталған рейтингтің көшін Андре Уорд (32-0, 16 КО) бастап тұр, екінші және үшінші орынға Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО) мен Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жайғасқан. Головкиннің негізгі қарсыластарының бірі болып саналатын Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) 6-шы орынға тұрақтаған. P4P World Boxing News рейтингісінің үздік 10 спортшы: 1. Андре Уорд (32-0, 16 КО) 2. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО) 3. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) 4. Василий Ломаченко (8-1, 6 КО) 5. Теренс Кроуфорд (31-0, 22 КО) 6. Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) 7. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО) 8. Роман Гонсалес (46-1, 38 КО) 9. Кит Турман (28-0, 22 КО) 10. Наоя Иноуэ (13-0, 11 КО).
Шолушы: Айгерім Таубай