Оралдың 4-ықшамауданында сағат кешкі 8-дер шамасында Төтенше жағдай орын алған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап хабарлайды. Жылап жатқан сәбиді сол жердің күзетшісі тауып алған. Оның сөзіне қарағанда, айлық сәбиді жертөледе анасы тастап кеткен.
ІІБ-ның мәліметіне сүйенсек, бір жарым айлық сәбидің киіміне қарағанда жағдайы жақсы отбасынан шыққанын аңғаруға болады.
Баланың денсаулығы бірқалыпты. Қазір анасының мекен-жайын анықтау процесі жүргізілуде.
Шолушы: Назерке МҰСА