Трамп пен Ресейдің байланысы жайында жазған үш журналист қызметтен босатылды

/uploads/thumbnail/20170710161427369_small.jpg

CNN арнасының қызметкерлері президент Дональд Трамп пен оның кеңесшісі Энтони Скарамуччидің Ресейдің тікелей инвестциялар қорымен байланысы турасында дайындаған мақалалары үшін қызметтерінен босатылды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Томас Френк, Эрик Лихтблау және Лекс Харис сайтта таралған мәліметке байланысты жұмыс орындарын босатқан.

«CNN.com арнасына жарияланған оқиға өшірілген соң жарияланымға қатысы бар үш қызметкер жұмыстан шығарылды» деп мәлімдеді телеарна.

Френк CNN арнасында зерттеу жұмыстарымен айналысатын, зерттеу бөліміне жауапты CNN арнасының «ардагері» Харрис арнада 2001 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Лихтблау арнаға бірнеше ай бұрын ғана редактор ретінде жұмісқа кіріскен.

«Жұма күні CNN менің командам жариялаған оқиғадан бас тартты. Команданың жауапты редакторы ретінде мен қызметімді тоқтаттым. Мен 2001 жылы арнаға келдім, содан бері нық сеніммен мынаны айта аламын: Бұл – өзгелерден гөрі нақтылық пен ақиқатты қажет ететін жаңалықтар қызметі. Мен қызметтен кетемін, бірақ осы принциптерді жадымда сақтаймын», деп мәлімдеді Харрис.

Связанные Статьи