Канадада сегіз айлық сәбиге тегін медициналық көмекке жолдама алу үшін баланың жынысы көрсетілмеген медициналық карта жазылды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл жағдай әлемде алғашқы рет орын алуда.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, баланың Кори Доти есімді әкесі өзін не еркек, не әйел санамайтын көрінеді. Сол себепті Кори Доти болашақта баласы өз жынысын өзі таңдағанын қалайды.
Сәбидің медициналық картасында «жынысы» деп тұратын бағанында латынша «U» әрпі белгіленген. Мағынасы – «анықталмаған» дегенді білдіреді.
Сондай-ақ Кори Доти баланың туу туралы куәлігнде де жынысы жазылмағанын қалап, билікке жүгінді.
Сирил Атли деген есім қойылған сәби 2016 жылдың қарашасында Бритнадық Колумбия провинциясында дүниеге келген. Ол уақытта сәбиді куәландыру жайында құжат дайындауға мүмкіндік болмаған көрінеді.
Шолушы: Гүлім Жақан
Оставить комментарий