Әкімдік алматылықтарды «Оңай» картасына көшірудің әдісін ойлап тапты

/uploads/thumbnail/20170710161937435_small.jpg

Алматыда қоғамдық көліктердегі қолма-қол төленетін жол ақысы 150 теңгеге өседі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Электронды «Оңай» картасымен төленетін жол ақысының құны 80 теңге болып қалады. Мұндай сараланған тариф турасында шешім 29 маусым күні Алматы мәслихаты депутаттарының ортақ келісімімен шықты. Аталмыш әдіс арқылы әкімдік алматылықтардың  «Оңай» картасын түгелдей пайдалануын қаматамасыз етпек.

«Жұбату» бонусы ретінде екі қоғамдық көлікпен қатынайтын алматылықтар 1 сағат көлемінде «Оңай» картасының бір ғана төлемімен, яғни 80 теңгемен жүру мүмкіндігіне ие болады.

Жауаптылар көлеңкелі бизнеспен осылайша күрекспек.

«Біздің ойымызша 1 тамыздан бастап дифф тариф енгізіледі. Метроның бағасы 80 теңге болады, ол көтерілмейді. Өйткені, метро автокөлік заңына келмейді. Қоғамдық кеңестен кейін біз әкімнің қаулысын юстицияға енгіземіз. Юстиция тіркеген соң 10 күннен кейін ол күшіне енеді», - дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Бекзат Бекішев.

Республикада қоғамдық көліктер асықпай, әрі тез арада өз позициясын күшейтуде. Мәселен, осыдан 1 жыл бұрын қоғамдық көліктер 81,7% жолаушыны тасыса, осы жылы 82,4%-ға артқан. Троллейбуспен қатынайтын жолаушылардың саны 13,2%-ға артты. Есесіне, таксопарктердің жағдайы мүшкіл, олардың табысы 36%-ға төмендеген көрінеді. 

«Дифф тариф дегеніміз 150 теңге, ол жай бір кез-келген сан. Ол 200 болуы мүмкін еді жай ынталандыру үшін. Ал, жалпы біздің есебіміз 149 жарымның ішіне кіретіні - оның ішіндегі жанармайы бар, 30 пайызы жалақы, көлік жаңартуы. Үкіметпен бекітілген методикасы бар өзінің, сол бойынша дайындалған есеп. Әкімшіліктің ұсынысы бойынша, түскен 150 теңгеден жүргузішіні ынталандыру үшін 50 теңгесі жүргізушіге беріледі. Сонымен, оның жалақысы көтерілетін болады», - дейді «Алматы қалалық жолаушыларды тасымалдау кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Сәбит Аманбаев.

Қазіргі уақытта қалада жолаушылардың 70 пайызы қоғамдық көлікте жол ақысын «Оңай» картасымен төлесе, қалғаны қолма-қол есеп айырысады екен.

Шолушы: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи