Жақында екі баланың бір төсекте жатқан суреттері интернет желісінде қаптап кеткен еді. Осыған сәйкес прокуратура Жаңаөзен қаласындағы балабақшаны тексеріп шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tumba.kz-ке сілтеме жасай отырып. "Білім саласындағы бақылау департаменті балабақшаға тексеру жүргізді. Кінәлі тұлғаларға қатысты сәйкесінше бұйрық шығарылып, балабақшаның директоры жұмыстан шықты", - дейді Жаңаөзен прокуратурасы.
Балалар бақшасында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған, бірақ бүлдіршіндердің төсек орындарымен ыдыс-аяқтар жеткілікті болып шықты.
Тағы да айта кететіні 280 бала сыятын №13 балабақшада тексеріс кезінде 168 бала ғана болған.
" №13 балабақшаның директоры өз еркімен жұмыстан шықты. Маңғыстау облысында мұндай жайт алғаш рет болып отыр", - дейді Білім саласын бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ.
Оставить комментарий