Ақ үй Трамп пен Путин кездескенде қандай тақырыптарды талқылайтынын хабарлады

/uploads/thumbnail/20170710162004478_small.jpg

АҚШ президентінің әкімшілігінде Дональд Трамп пен Владимир Путиннің қандай тақырыптарды талқылайтынын айтып берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

CNN мәліметінше, Трамп ең алдымен Сириядағы әскери қақтығысты және Ресейдің Сирия президенті Башар Асадты қолдауы жөнінде сөйлеспек ойда. Сонымен қатар, Мәскеудің Украинадағы әрекеті жөнінде де сөз қозғамақ.

АҚШ-тың президент сайлауына Ресейдің араласуы туралы болжам талқыланбайды.  Бұған дейін Вашингтонда Трамп пен оның ресейлік әріптесінің кездесуі 7, 8 шілдеде Гамбургтегі G20 саммитінде өтетіндігі хабарланған.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи