109 жастағы қарт әже: Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, еркектерге жоламаңыз

/uploads/thumbnail/20170710162008448_small.jpg

Заманауи медицина мен технология адамдардың ұзақ әрі зор денсаулықпен өмір сүрулеріне мүмкіндік береді. Кейбір адамдар, тіпті, бір ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешіп жатады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бұл қарт кісі 109 жаста. Ол мұндай ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашып, өзінің ойымен бөлісті.

Джесси Галлан Шотландия тұрғыны, бүгінде жасы 109-ға жеткен. Өзі ұсақ фермердің отбасында дүниеге келген, бастапқыда бұл отбасының 2 бөлмеден ғана тұратын кішігірім үйлері болған екен. Джессидің 5 әпкесі, 1 ағасы болған. Кедей отбасыда дүниеге келу Джессиге ұзақ өмір сүруіне бөгет бола алмады және де ол әр күні үшін қуанып жүруді үйренген.

Джесси Галлан бүгінде 109 жасқа толды. Ал, оның мұндай жасқа дейін өмір сүруіне өмірлік ұстанымдары көмек болған екен. Және дәл осы екі ұстанымы өмірін толыққанды қызық етіп өткізуге мүмкіндік берген.

Бірінші: еркектерден аулақ болу қажет және де күніге сұлы ботқасын жеу керек. Джесси Галлан ешқашан тұрмыс құрмаған, «еркектер тым көп жағымсыз мәселелер туғызып, келеңсіздіктер алып келеді», - дейді ол. Ол үнемі таңғы асқа жылы сұлы ботқасын жейді және де әлі күнге дейін таңғы жаттығу жасауын тоқтатқан емес.

Джесси Галанның бір ғасырдан ұзақ өмір сүруіне оның дұрыс тамақтану, үнемі физикалық қозғалыстар мен күйзеліске түспейтіндігі көмектескен. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи