АҚШ-тың қарулы күш комитетінің сенат басшысы Джон Маккейннің ойынша, 2001 жылдан бері Ауғанстанда әскери операция жүргізіп келе жатқан Вашингтон соғыста жеңіліп жатыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА-ға сілтеме жасап.
«Бізде нақты стратегия жоқ. Сондықтан біз жеңіліп жатырмыз» деді Макейн CBS телеарнасы берген сқхбатында.
Айта кетейік, Джон Маккейн жақында Ауғанстанға барып келген. Сенатор мәселе Ақ үйде екенін де айтып өтті.
АҚШ 2001 жылдан бері жергілікті билікке Талибандар мен ДАИШ-қа қарсы күш жұмылдырып, көмектесу мақсатында Ауғанстанда әскери операция жүргізіп келеді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Оставить комментарий