Үндістанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 27 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170716220322428_small.jpg

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында да шелектеп құйған жаңбырдың соңы су тасқынына ұласып, 27 адам қаза тапты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Тағы 10 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апатпен күрес жөніндегі басқарманың хабарлауынша, аймақтың жартысынан астамы су астында қалып, 500 мыңдай адам зардап шегіп отыр. Жергілікті билік 180-нен астам уақытша орталық ашып, 20 мың адамды көшірген. Мыңға жуық елді мекенді су басып, 41 мың гектар егістік алқабы бүлінген. Құзырлы орган өкілдері табиғи апат құрбандарының саны арта түсуі мүмкін дейді. Премьер-министр Нарендра Моди жапа шеккендерге көмек беру үшін барлық шараларды қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, өткен айдың ортасында да Ассам штатында су тасқыны болып, 14 тұрғын көз жұмған еді.

Шолушы: Айгерім Таубай

Оставить комментарий

Связанные Статьи