Алматыда жеңіл көлік бір отбасын қағып кеткен

/uploads/thumbnail/20170716220322914_small.jpg

Алматыда «Lexus» көлігінің жүргізушісі 4 адамнан тұратын отбасын қағып кетті, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Жол апаты Момышұлы көшесіндегі «Алматы Арена» спорт сарайы маңында болды.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, «Lexus» Момышұлы көшесімен жоғары жылдамдықта жүйіткіп келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан бір отбасын қағып кеткен. Отбасында 4 адам болған: анасы, әкесі және екі баласы.

Көлік қызын жанап өтіп, 55 жастағы отағасын қаққан, анасы мен ұлы аман қалды. Ер адам ауыр жағдайда жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ал қыздары ауруханаға жатудан бас тартты. «Lexus» жүргізушісі мас болмағандығы анықталды.

Полицейлер  болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Шолушы: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи