Лондонда туристер арасында танымал базар отқа оранды

/uploads/thumbnail/20170716220323387_small.JPG

Лондонда жергілікті тұрғындар мен туристер арасында танымал Camden Market базары отқа оранды,деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі aif.ru-ға сілтеме жасап.

 Әзірге қаза тапқандар мен жапа шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Тілсіз жаумен күреске 70-тен астам маман жұмылдырылды. Ал оқыс оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Айта кеткен жөн, өткен айда ғана осы Лондонда алапат өрт шыққан еді. 14 маусымға қараған түні мұнда 24 қабатты тұрғын үй отқа оранып, 80-ге жуық адам қаза тапқан болатын.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи