Алтай өлкесінде жеке тұрғын үйде өрт шығып, 3 бала көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170716220530350_small.jpg

Алтай өлкесінің Шелаболиха ауданындағы тұрғын үйде 3 бала өрт салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Шелаболиха ауданында  түнгі уақытта жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру барысында үш баланың денесін тапты. Олар: 2013 жылы дүниеге келген қыз бала мен 2004 және 2010 жылы туған екі ер бала. Оқиғаның мән жайы анықталуда.

Алдан-ала жасалған болжам бойынша, анасы балаларын үйде қараусыз қалдырып кеткен. Артынша өрт шыққан. Өрт туралы түнгі сағат 1 шамасында хабарланған.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Связанные Статьи