Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 107,8% құрады. Өндіріс көлемінің артуы республиканың 14 өңірінде байқалды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ, металл кендерінің және көмірдің өндірісі ұлғайды. Сондай-ақ азық-түлік, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия және машина құрастыру салаларында өндіріс көлемі артты. Ал темекі өнімдерін шығару, керісінше - төмендеді.

Шолушы: Гүлім Жақан