АҚШ-тың 14 жастағы тұрғыны Мэдисон Коу ваннаға түсіп жатқанда тоқ ұрып көз жұмған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жaсап. Жеткіншек суға түсіп жатқанда телефонын пайдаланбақ болған. Смартфонды қуаттандырмақ болған Мэдисон Коудың қолында күйіктің іздері қалған. Марқұм қыздың отбасы осындай аяқ асты қайғылы жағдайдың алдын-алу мақсатында көпшілікке өз өмірлерінің қауіпсіздіктеріне мән берулерін өтінді.