Шешенстан елінің басшысы Рамзан Қадыров шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол америкалық телеаналардың біріне сұхбат беруге келісім берген деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Шетелдік журналист Рамзан Қадыровқа көбінесе гомосексуалдарға байланысты сұрақтар қойған болатын. Айта кететін болсақ, Шешенстан елінде гейлерді өлім жазасына кесуге байланысты көптеген оқиғалар болған еді. Рамзан Қадыровтың бұның бәрі бос сөз екенін және Шешенстанда гейлер жоқ екенін айтты.
Рамзан Қадыров «Егер гейлер бар болса оларды Канада еліне алып кетсеңдер тіпті жақсы болар еді, қандарын тазартсаңдар да болады. Гейлер адам емес, олар шайтандар. Бізге қарсы сөйлеп қарсы келгендер құрып кетсін» деп сұхбат берген.
Шолушы: Әсел Болатқызы