Шотландия мемлекетіне тиесілі Улва аралы сатылымға шығарылды деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасай отырып. Оның құны бүгінде 4,3 млн фунтқа бағаланып отыр. Яғни 5,6 млн доллар ақшаға сатылатын болды.
Аралдық ұзындығы – 12 км, ені – 4 км. Жалпы аумағы 1,8 мың гектарды құрайды. Ол жерде тұрғын үйден бөлек, шіркеу мен мейрамхана бар. Алғашқы қоныстанушылары б.з.д. 6-мыңжылдықта өмір сүрген. Арал 70 жыл ішінде бірінші рет сатылымға шығарылып отыр.
Шолушы: Әсел Болатқызы