Үндістанда жаңа президентті сайлау науқаны бүгін, дүйсенбі күні Нью-Делидің ұлттық парламент ғимаратында басталды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды. Сайлау жергілікті уақытпен сағат 10:00-де басталған. Қазіргі уақытта президент орнында осы жылы 82 жасқа толатын Пранаб Мукерджи отыр.
Президенттікке кандитаттар арасында: штаттың бұрыңғы губернаторы Бихар Рама Натха Ковинда мен Үндістан ұлттық конгресі оппозициялық өкілі Мейра Кумар бар.
Айта кетейік, мемлекет басшысы бірнеше рет қайта сайлануы мүмкін. Үндістан президенті мемлекет басшысы бола отырып, Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы және айтарлықтай билікке ие болады. Дауыстарды санау жексенбіге қарай аяқталып, президентті ұлықтау рәсімі 25 шілде күні өткізілмек.