Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170717115353707_small.jpg

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күн күркірейді, бұршақ түседі, желдің екпіні – 15-20 м/с, түнде кей жерлерде тұман болады.

Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, бұршақ жауады, Павлодар, Қарағанды облыстарында – желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында күн күркірейді, желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні – 18 м/с.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

 

Связанные Статьи