Израиль премьер-министрі Нетаньяху Сирияда бітімге келу туралы АҚШ пен Ресе келісіміне қарсылығын білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сирияның оңтүстігінде бітімге келу туралы Ресей мен АҚШ-тың келісіміне Израиль билігі қарсы шықты. Жергілікті БАҚ жариялаған ақпаратына сәйкес, Израиль билігінің теріс пікірі АҚШ пен Ресейдің келісімі Сирия аумағындағы ирандық күштердің топтасуына қарсы тұру үшін арналмағандықтан туындаған.
Сондай-ақ, ақпаратта Израиль Иранның Сирия аумағындағы экспансияға қатысты жоспарынан хабардар екені мәлімделді. Мәлімдемеге сәйкес, Иран Сирияда әскери-теңіз базасы мен әуе базасын құрмақ.
Бұдан бұрын Ресей мен АҚШ Сирияның оңтүстігінде бітімге келу туралы келісімге қол қойды. АҚШ президенті Дональд Трамп аталмыш келісімді екі ел арасындағы қарым-қатынастың «маңызы жоғары табысты үлгісі» деп атады.
Шолушы: Гүлім Жақан