Арландар ФК Португалияның Брага кубогы турниріне шақырту алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Арландар ФК президенті Фазылбек Әбсаттарұлына сілтеме жасап.
Бұған дейін Қазақстаннан Астана ФК өзге бірде бір футбол клубы келмеген.
Халықаралық турнир келесі жылы 2-8 шілде аралығында өтеді. Оған U8, U9, U10, U11, U12, U13, U15 жас аралығындағы 96 команда, 1 750 футболшы қатысады.
Арландар ФК өкілдері Португалия профессионал футбол клубының президенті Марио Коста мырзамен арнайы кездесті. Соның нәтижесінде Брагалона футбол клубымен әріптестік меморандумына қол жеткізіп, Португалиядағы жарыстарға тұрақты түрде шақырту алып, тәжірибе алмасу, т.б. сияқты бірқатар келісімдер жасасты.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет