Орман өрті салдарынан Канаданың Британдық Колумбия мекенінде жергілікті билік өкілдері 37 мыңдай адамды қауіпсіз жерге көшірді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі russian.rt.com мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Орман шаруашылығы министрлігінің басшысы Джон Растадтың мәлімдеуінше, 2,9 мыңдай адам орман өртін сөндіруге қатысып отыр. Оларға өрт авиациясы да көмегін тигізіп келеді.
Сонымен қатар министр орман өртімен күреске ондаған канадтық доллар жұмсалғаны жайлы хабарлады.