АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары Энтони Блинкен Солтүстік Кореяда жақын уақытта билік өзгеруі мүмкін деген болжам жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tass.ru-ға сілтеме жасап.
Ол бұл туралы Asahi жапондық газетіне мәлімдеген. Оның сөзінше, осы себептен АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея мен Жапонияға алдын ала кездесу керек. Сонымен қатар бұл жағдай орын алатын болса, іс-әрекет жоспарының құру керектігін де жеткізді. Оңтүстік Кореяның билік өкілдері Солтүстік Кореяға келесі аптада шекарада әскери жағдайды тоқтату бойынша бейбітшілік келіссөздерін жүргізуді ұсынатыны жайлы БАҚ хабарлаған болатын.