Алматы облысында жерді заңсыз пайдаланып отырған 20 дерек тіркелді

/uploads/thumbnail/20170717110140212_small.jpg

Алматы облысында биыл жер учаскесін рұқсатсыз иемденудің 20 дерегі тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы облысының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жетекшісі Асқар Жолдоғұтов айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында басқарма назарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттің иелігіне қайтаруға және қолданылмай жатқан жерді таратуға бұрып отыр. Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша облыста жалпы 2015-2016 жылдар аралығында қолданылмай жатқан 331,2 мың гектар жер анықталған. Алайда қажетті шаралар қабылданып, 40,2 мың гектар жер мемлекеттің иелігіне қайтарылған, 202,5 мың гектары қолдануға берілген, ал 13,4 мың гектары иесі жоқ мүлік есебінде тұр.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қатар басқарма мемлекеттің иелігіндегі рұқсатсыз иелік етілген жерлерді бақылап отыр, бұл жер учаскелеріне инспекциялық тексеріс жүргізілген.

"Жүргізілген жұмыстардың қорытындысынан 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Алматы облысында жер учаскелерін рұқсатсыз иемденудің 20 дерегі тіркелгенін анықтадық, оның жалпы ауданы - 143,6 гектар. Бұл құқық бұзушылықтар бойынша 5 785 950 сомаға айыппұл салу түріндегі әкімшілік шара қабылданып, заң бұзушылықтарды жою тапсырылды, рұқсатсыз алынған жер учаскелерін қайтару Басқарманың бақылауында", - деді Асқар Абдуллаұлы.

Связанные Статьи