БАҚ ДАИШ басшысының суретін жариялады

/uploads/thumbnail/20170717105812509_small.jpg

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Әбу Бакра әл-Бағдади қаза тапқан соң ұйымды Джалалудин әл-Туниси есімді адам басқармақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда, сондай-ақ өзге де мемлекеттерде тыйым салынған ДАИШ террористік ұйымының жаңа басшысының суреттері Al Arabiya телеарнасының ресми сайтында жарияланған.

Террористердің жаңа басшысы болуы мүмкін деген адамның шын есімі – Мұхаммед Бен Сәлем әл-Ауни, ол 1982 жылы Тунисте дүниеге келген. Балалық шағында Францияға жер аударылған және азаматтығы сол елге тән. Тунистегі революциядан кейін отанына оралып, сол жерден Сирияға ауысты. Сирияда террористердің қатарына қосылып, «мансабын» жасады.

БАҚ-тың хабарлауынша, Мұхаммед Бен Сәлем әл-Ауни Әл-Бағдадидің бас көмекшісі болды.

Шолушы: Гүлім Жақан

Связанные Статьи