Головкин жаңа стильде жарнама ролигіне түсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaz.vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекке арналған 1930 жылдардың стилімен жарнама ролигіне түсті.
Түсірілген суреттерден Головкиннің көрермен алдына жаңа стильде, яғни ретро-образдағы «гангстер» немесе «көше баласы» стилінде шығады.
Айта кетсек, Головкин – Канело жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Шолушы: Айгерім Таубай